Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны - терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
«Тұрмап па енді сүйеніп» дейтін, өткен шақ формасындағы тіркестен соң бұрынғыдан әрмен күшейе тұседі. Енді манадан бері көзге шалынбаған, сүттей түнді сырттай бақылап, именшек сұлудың жолын тосып тұрған жігіт - дәл қазіргі мезетте сол бір қимас кезін мұңды сағынышпен еске алушы ақын (немесе оның лирикалық кейіпкері) бой көрсетеді және сәт озған сайын тұлғалана, еңселене түседі. dauka
Тамаққа кіріп иегі?